Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда блогер липосакция отасынан кейін қайтыс болды: Smart Beauty Clinic жекеменшік клиникасы мәлімдеме жасады

Алматыда блогер липосакция отасынан кейін қайтыс болды: Smart Beauty Clinic жекеменшік клиникасы мәлімдеме жасады
Сурет: ашық дереккөздерден
Smart Beauty Clinic жекеменшік клиникасы липосакция отасынан кейін қайтыс болған белгілі кәсіпкер, блогер Сәуле Базарханның туыстарына көңіл айтты.

Алматыдағы Smart Beauty Clinic жекеменшік клиникасы липосакция отасынан кейін қайтыс болған белгілі кәсіпкер, блогер Сәуле Базарханға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

Клиника Сәуле Базарханның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Ұжым марқұм Сәуле Базарханның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Бұл біз үшін де өте ауыр жағдай болып тұр.  Қазіргі уақытта болған жағдай бойынша заңнамада қарастырылған процедуралар жүргізіліп жатыр. Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, науқастың отбасына деген құрметке байланысты, сондай-ақ жүргізіліп жатқан шаралардың объективтілігіне орай клиника тексеру жұмыстары аяқталғанға дейін оқиғаға түсініктеме бермеуді жөн санайды. БАҚ өкілдері мен желі қолданушыларынан жалған ақпарат таратпауға шақырамыз", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар Smart Beauty Clinic қазіргі уақытта пациенттерді қабылдау уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жақын құрбысы Сәуле Базарханның қазасына байланысты жантебірентерлік жазба жариялаған болатын. Кейін марқұмның қызы анасының қазасына Smart Beauty Clinic жекеменшік клиникасының дәрігерлерін айыптады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар