Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық тревел-блогер әлемдік WIBA Awards сыйлығын жеңіп алды

Қазақстандық тревел-блогер әлемдік WIBA Awards сыйлығын жеңіп алды
Сурет: видеодан скриншот
Марапаттау рәсімі Францияда Канн кинофестивалі аясында өтті.

Instagram-нан басталған жол әлемдік марапатқаұласты. Қазақстандық видеограф әрі тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим WIBA Awards 2026 халықаралық сыйлығының «Әлемнің үздік тревел-блогері» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.

Марапаттау рәсімі Францияда, Канн кинофестиваліаясында ұйымдастырылған шаралардың бірінде өтті.

Дастан қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегіпарақшасында бөлісіп, салтанатты кештен видеоларжариялады. Осылайша қазақстандық блогердің есіміәлемге танымал инфлюенсерлермен қатар аталды.

WIBA Awards – халықаралық деңгейде танылғанконтент авторларын марапаттайтын беделдісыйлықтардың бірі. Бұл марапат digital-индустрияғаықпал етіп, аудитория назарын аудара алғанавторларға табысталады.

Дастан Мұхамедрахимнің видеолары табиғаттыңкөркін, түрлі қалалардың атмосферасын жәнеелдердің мәдениетін ерекше кино стиліндекөрсетуімен ерекшеленеді. Соңғы бір жыл ішіндеоның көптеген ролигі миллиондаған қаралым жинап, кейбірі Instagram желісінің ресми парақшалары мен ұсынымдарына шыққан.

Желі қолданушылары мен әріптестері блогердіжеңісімен құттықтап, бұл жетістікті қазақстандықблогинг үшін маңызды оқиға деп бағалап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Дастан МұхамедрахимWIBA Awards 2026 жеңімпаздарының қатарынаенгенін хабарлаған болатын. Алайда марапатты табыстау рәсімі енді ұйымдастырылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар