Алматы неліктен әлі күнге дейін әлемдік тау курорты мәртебесіне ие болмады – Forbes баспагерінің пікірі
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:00
- 43
Forbes Cup 2026 теннис турнирі аяқталғаннанкейін Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов әлеуметтік желілерде туризмді және Алматы тау кластерін дамыту мәселесінкөтерді. Оның айтуынша, турнирден кейін Өзбекстаннан келген қонақтармен әңгімелесубарысында Орталық Азия елдерінің туристікәлеуеті туралы сөз қозғалып, пікірталастыңбасым бөлігі дәл Алматының мүмкіндіктерінеарналған.
Байтасов мәлімдегендей, тау кластерін дамыту– бұл тек демалыс пен шаңғы туризмі мәселесіғана емес, сонымен бірге жұмыс орындарын, жаңа бизнесті құруға және қосымша салықтүсімдерін қамтамасыз етуге қабілеттітолыққанды экономикалық стратегия.
«Дүниежүзілік туристік индустрияныңмәліметтері бойынша, туризм әлемдегі әрбір10-шы жұмыс орнын ашады. Әрбір турист – бұл жай ғана қонақ емес», – деп жазды ол.
Ол әрбір турист бірден бірнеше салаға – қонақүйлерге, мейрамханаларға, таксиге, экскурсияларға, шағын бизнеске, IT-ге, гидтерге және қызмет көрсету саласынасұраныс қалыптастыратынын атап өтті.
Мысал ретінде ол грузиндік Гудаури курортынкелтірді. Бұл курорт жылдар ішінде шағын тау ауылынан елге миллиардтаған доллар табысәкелетін және мыңдаған жұмыс орнын ашатынхалықаралық туристік орталыққа айналған.
Forbes Kazakhstan баспагерінің пікірінше, Алматының бірегей артықшылықтары бар – олар таулардың мегаполиске жақындығы, табиғаты және туристерді жыл бойы қабылдаумүмкіндігі. Ол инфрақұрылымды сауаттыдамытып, экологиялық тепе-теңдікті сақтағанжағдайда, Алматы Еуразиядағы ең мықты тау орталықтарының біріне айнала алады деп есептейді.
«Бұл қиял емес. Бұл нақты экономикалықстратегия. Бір ғана сұрақ бар: біз табиғатберген бұл мүмкіндікті пайдалануға дайынбызба?» – деп жазды Арманжан Байтасов.
Сонымен қатар ол Қазақстанда да сондай туристік әлеуеттің бар екеніне қарамастан, жылсайын мыңдаған қазақстандықтардың Грузияғашаңғы тебу үшін баратынына назар аударды.



