Қоғам
"Оқушыларға кортеж ұйымдастырған": Алматыда 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 25 мамыр, 2026
- 132
Оқушылардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды.
Алматыда соңғы қоңырау салтанаты қарсаңында қала мектептерінің бірінің түлектері қатысқан автокортеж тоқтатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Нәтижесінде 21 кәмелетке толмаған қатысушының ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көзделген көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін бес әкімшілік хаттама толтырды. Көліктер тәркіленді.
"Алматы полициясы автокортеждерге жол бермеу туралы алдын ала ескертулер берді. Дегенмен кейбір азаматтар заңды елемеді. Полиция әрбір осындай оқиғаны тергейтінін атап өткіміз келеді”, – делінген хабарламада.




