Мәдениет
"Бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық": Балжан Бидаш бұрынғы продюсері Баян Алагөзоваға жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:20
- 26
Балжан Бидаш ешкімге реніші жоқ екенін айтты.
Әнші, КешYou тобының экс-солисі Балжан Бидаш продюсер Баян Алагөзоваға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол желідегі парақшасында жазба жариялап, ешкімге реніші жоқ екенін айтты.
“Ақ-қарасын ажыратып жазып жатқан жандарға рақмет. Ешкімге ренішім жоқ! Бұл шешім және бұл дүние уақытша екенін ұмытпайық. Дүние алма-кезек. Өзімізді жақсы көрейік, басқаларын сыйлайық, барды бағалайық”, – деп жазды ол.
Балжан Бидаштың бұл жазбасын желі қолданушылары продюсерге берген жауабы деп қабылдап, оны қолдады.
“Қатты уайымдамаңыз, сіздің орныңызда кез келген қызға кем дегенде ауыр тиер еді. Сіз жарқын, көзге түсетін, сұлу жансыз!”, “Дұрыс істедіңіз. Мен сіздің орныңызда болсам, ол ер адамды сотқа берер едім!” деп жазды олар.
Келесі мақала




