Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада 5 маусымнан бастап электр энергиясының бағасы қымбаттайды

Астанада 5 маусымнан бастап электр энергиясының бағасы қымбаттайды
Сурет: ru.Delfi.lt
Орташа есеппен халық үшін тариф шамамен 10 пайыз өседі.

Елордада өткен "Астана-АЭК" мекемесінің жаңа тарифтерді бекітуге берген өтінімі бойынша қоғамдық тыңдауда Астанада электр энергиясы тарифін көтеру жоспарда бар екенін "Астана-АЭК" басқарма төрағасы Руслан Әбжанов айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, "Астана-АЭК" шекті бағаны ҚҚС-сыз киловатт-сағатына 31,18 теңгеден 35,07 теңгеге дейін көтеруге өтінім берген. Өсім 12,5 пайыз болады. Жаңа тарифтер 2026 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Астана бойынша департаментінің мәліметінше, жаңа тарифтер әлі бекітілген жоқ, олар өтінім түскен күннен бастап бір айға жуық уақыт қаралуы мүмкін.

"Елордада электр энергиясын тұтынудың артуы қосымша фактор болды. 2026–2027 жылдарға арналған сатып алудың жоспарлы көлемі 4,57 миллиард кВтсағ, бұл бұрын бекітілген көлемнен 12,2 пайыз артық. Тұтынудың өсуі Астанадағы белсенді құрылыспен және жаңа нысандардың іске қосылуымен байланысты", - деді Руслан Әбжанов.

Елорда тұрғындары үшін өсім "әлеуметтік сараланған" түрде жүргізіледі. Орташа есеппен халық үшін тариф шамамен 10 пайыз өседі.

Электр плиталарымен жабдықталған пәтерлер үшін тарифтерді келесі деңгейде белгілеу ұсынылады:

  • 90 кВтсағ дейін - 17,67 теңгенің орнына 20,21 теңге (+14 пайыз);
  • 90-нан 180 кВтсағ дейін - 26,45 теңгенің орнына 29,09 теңге (+10 пайыз);
  • 180 кВтсағ жоғары - 33,06 теңгенің орнына 36,36 теңге (+10 пайыз).

Электр плитасы жоқ пәтерлер үшін:

  • 70 кВтсағ дейін - 17,56 теңгенің орнына 21,39 теңге (+22 пайыз);
  • 70-тен 140 кВтсағ дейін - 26,45 теңгенің орнына 29,09 теңге (+10 пайыз);
  • 140 кВтсағ жоғары - 33,06 теңгенің орнына 36,36 теңге (+10 пайыз).

Компания есебінше, өсімнен кейін орташа айлық төлем мөлшері былай артады:

  • бір бөлмелі пәтер үшін - шамамен 383 теңгеге;
  • екі бөлмелі пәтер үшін - 766 теңгеге;
  • үш бөлмелі пәтер үшін - айына шамамен 1 148 теңгеге.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар