Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Баланың саксофон ойнағаны ұнамай қалған": Ресейде қазақ әртісі 11 жастағы жасөспірімге оқ атты

"Баланың саксофон ойнағаны ұнамай қалған": Ресейде қазақ әртісі 11 жастағы жасөспірімге оқ атты
Сурет: fonariki.com.ua
11 жастағы баланы қазақ әртісі атып тастады.

Ресейде Мариин театрының әртісі Айтжан Смағұлов 11 жастағы балаға оқ атты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ

 "База" дерегінше, ер адамға көшеде саксофон ойнап тұрған баланың музыкасы ұнамай қалған. Ашуға булыққан ол терезеден пневматикалық тапаншамен оқ атқан. Оқ баланың бетіне тиіп, иегіне қадалған. Зардап шеккен жасөспірім орташа ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Санкт-Петербург қаласында Декабристер көшесіндегі тұрғын үй маңында болған.

Оқиғадан кейін 38 жастағы әртіс ұсталды. Оның Қазақстан тумасы Айтжан Смағұлов екені белгілі болды. Ол Мариин театрының қосалқы труппасында өнер көрсеткен.

Қазір әртіске қатысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәліметке сүйенсек, Айтжан Смағұлов Мариин театрында 2021 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар