Жер дүмпуі Баянауылда қатты сезілген.
Бүгін, 26 мамырда, сағат 11:28-де Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелд, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жер дүмпуі Баянауылда қатты сезілген.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 26 мамырда Астана уақыты бойынша 11:28 жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 км жерде – Павлодар облысында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары – 50.47 солтүстік ендік, 76.47 шығыс бойлық. Тереңдігі – 30 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7.
Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша):
Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында есептік қарқындылығы – 2 балл.



