Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау мерзімі белгілі болды
Сурет: Depositphotos
Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 20 маусымда басталып, 25 тамызда аяқталады.

Ұлттық тестілеу орталығы жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерге арналған күнтізбені жариялады, деп хабарлайды

ҰБТ 10 мамырда басталып, 10 шілдеге дейін жалғасады. Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 20 маусымда басталып, 25 тамызда аяқталады.

“Педагогикалық ғылымдар” және “Денсаулық сақтау” бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер үшін арнайы емтихандар 20 маусым мен 20 тамыз аралығында өтеді. Грант конкурсына қатысу үшін бұл емтихандарды 20 шілдеге дейін тапсыру қажет.

Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініш қабылдау 20 маусымда басталып, 10 тамызда аяқталады. Ал грант конкурсына қатысатындар өтінішті 7 шілдеге дейін тапсыруы керек.

Шығармашылық емтихандар 7 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Грант конкурсына қатысу үшін емтихан 20 шілдеге дейін тапсырылуға тиіс.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында жүргізіледі. Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар