Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандық көпбалалы әке лотереядан 122 миллион теңгеден астам ұтып алды

Қазақстандық көпбалалы әке лотереядан 122 миллион теңгеден астам ұтып алды
Сурет: sz.kz
Ер адам 2026 жылдың ең ірі жеңімпазы атанды.

Қазақстандық көпбалалы әке лотереядан 122 миллион теңгеден астам ұтып алып, өзіне және қарындасына баспана алмақ, деп хабарлайды sz.kz 

Қазақстандық азамат «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының LOTO 6/49 тираждық ойынында 122 миллион теңгеден астам қаржы ұтып алып, 2026 жылдың ең ірі жеңімпазы атанды.

Жеңімпаз билет 2026 жылғы 22 мамырда өткен ұтыс ойынының қорытындысы бойынша анықталған. Тікелей эфирде көрсетілген ұтыс ойыны Satty Zhuldyz YouTube арнасында өткен.

Жеңімпаздың айтуынша, ол бірнеше жылдан бері түрлі лотереяларға тұрақты түрде қатысып келеді. Әсіресе LOTO 6/49, TeleBingo және 5/36 ойындарының билеттерін жиі сатып алған. Бұған дейін бірнеше мәрте аса қымбат емес  сыйақылар ұтқанымен, мұндай қомақты жүлде алғаш рет бұйырған.

Көпбалалы әке осы күнге дейін отбасымен бірге өз баспананы жалдап өмір сүрген. Оның сөзінше, пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде өз күшімен шамамен 8 миллион теңге жинап үлгерген.

Енді ұтыс қаржысының арқасында ол отбасының көптен бергі арманы – жеке баспанаға қол жеткізбек. Сонымен қатар жеңімпаз қаражаттың бір бөлігін өз үйі жоқ қарындасына пәтер сатып алуға жұмсауды жоспарлап отыр.

«Шынымды айтсам, болған жағдайға әлі күнге дейін толық сене алар емеспін. Біз көп жылдан бері өз үйіміз болса деп армандадық және сол мақсатқа біртіндеп жақындап келдік. Бұл ұтыс отбасымыздың өмірін түбегейлі өзгертетіні анық», – дейді жеңімпаз.

«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясының өкілдері мұндай оқиғалар ірі ұтыстардың шын мәнінде өз иелерін тауып жатқанын көрсететінін атап өтті.

Қазіргі таңда бұл жүлде 2026 жылғы ең ірі ұтыс болып саналады.

Ал Қазақстан лотереялары тарихындағы абсолютті рекорд 2025 жылдың 28 желтоқсанында тіркелген. Сол кезде TeleBingo тираждық лотереясының қатысушысы рекордтық 584 миллион теңге ұтып алған болатын.

Айта кетейік, «Сәтті Жұлдыз» АҚ өткізетін тираждық лотереялардың ұтыс ойындары тікелей эфирде көрсетіліп, компанияның ресми платформаларында жарияланып отырады. Егер бағыңызды сынап көргіңіз келсе көрсетілген сілтемеге өтіп, толық ақпарат ала аласыз: https://sz.kz/game?gameid=1082&ispack=true

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар