Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Enigma дауысы, әлемдік этно-хиттер және қала төріндегі open-air: Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі өтеді

Enigma дауысы, әлемдік этно-хиттер және қала төріндегі open-air: Алматыда The Spirit of Tengri фестивалі өтеді
The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі.

7 маусым күні Алматыдағы Абай алаңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалі өтеді. Іс-шараға қатысатын арнайы қонақтардың бірі - Andru Donalds. Ол - композициялары дүние жүзіне кеңінен танылып, бірнеше буынның музыкалық мәдениетіне айналған Enigma жобасының вокалисі.

The Spirit of Tengri - Орталық Азиядағы жыл сайын мыңдаған көрермен жиналатын ең ірі музыкалық open-air фестивальдердің бірі. Фестиваль заманауи этникалық музыка, world music, ethno fusion және ұлттық әуен мен қазіргі музыкалық бағыттар үндескен түрлі жанрларды ұсынатын, әлемнің әр түкпірінен келген орындаушылардың басын қосады.

Әр жылдары фестиваль сахнасында Еуропа мен Азияның танымал әртістері мен музыкалық ұжымдары өнер көрсетті. Жоба мәдени байланыстарды нығайтып, этникалық музыканы насихаттайтын әрі заманауи музыкалық бастамаларды қолдайтын маңызды алаңға

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар