Әншінің экс-продюсері халыққа жария еткісі келмеген ұлының суретін әлеуметтік желідегі парақшасына салды
Айқын Төлепбергеннің экс-продюсері әншінің тұңғышы Аңсардың суретін халыққа жария етті. Ол осыдан бір-екі ай бұрын болды. Бірақ жеке өмірін халықтан барынша құпия ұстайтын әншінің қолқа салуымен , экс-продюсер суретті өшірген.
Десе де, аталған фото әлеуметтік желілер мен БАҚ құралдарында тарап кетіп үлгерген. Жасырудың мәні қалмағанын түсінсе керек, Айқын күні кеше тұңғышының суретін өзі жариялады.
“Нұртан Аңсар Айқынұлы! Балам жаттығуға үлгермеді, сондықтан бүгін джиу-джитсу емес, бокс болды. Жеке жаттықтырушысы – әкесі. Тұңғышым 6-ға толды, жақында 1-сыныпқа барады” – деп қуанышымен бөлісті Айқын.
Желі қолданушылары Аңсардың Айқынның өзіне қатты ұқсағанын айтқан. Комментарий арасында “Өзіңізден аумайды екен”, “Ксерокөшірмеңіз ” деп таңданған жазулар көп болды.
Бейресми деректерге сүйенсек, Айқынның алғашқы некесінен бір ұл, бір қызы бар. Сондай-ақ, Төлепбергеннің КешYou тобының экс-әншісі Жұлдыз Өмірғалиден бір ұлы бар деседі.