Басты жаңалықтар
Қытайда арықтаймын деп дәрі ішкен бойжеткен керісінше семіріп кетті
- автор kyn.kz
- 19 шілде, 2018
- 393
7 жыл бойы дәрі ішіп, жалпы соммасы 10 млн теңгеден артық ақша жұмсаған азаматша, денсаулығана үлкен зардап келгенін айтты.
Есімін өзгертіп, өзін Сяоли деп атауды сұраған бойжеткен 18 жасында алғаш рет арықтаймын деп шешті. Теледидарда көрген жарнамаларға қызығып, кейін өзі де соны көрмек болады. Алғаш рет қолына дәрі алып, қабылдай бастаған уақытында бұрымды не бәрі 45 келі болған.
Бастапқы уақытта дәрі өзінің оң нәтижесін берген. Бірақ қабылдауды бір сәт үзсе болғаны, бұрыңғы салмағына қайтып оралып келеді. Одан қалды салмақ оралып қана қоймай, үстіне артығы да қосыла бастапты.
Мұнан кейін Сяоли басқа да қоспаларды қолданып, емдәм ұстай бастаған. Алайда ол кезекті дәріні қабылдауды тоқтатқан сайын, салмағы арта түскен. Осылайша бойжеткен 7 жылдан кейін 90 келіге дейін артық салмақ қосыпты. Сонымен қатар үнемі дәрі ішіп жүргендіктен, бауырына байланысты қиындықтар пайда болған. Шілде айының басында бойжеткен асқазан көлемін кішірейту бойынша ота жасатуға шешім қабылдады.
Өз кезегінде дәрігерлер Сяолидің артық салмақ қосуының басты себебі дәрі-дәрмектер екенін растады. Олардың сөзінше, бойжеткен қабылдаған дәрілік заттар тәбетті басып, іш жүргізеді екен. Сонымен қатар бұл дәрілер бойжеткеннің психологиялық ахуалы мен тамақтану әдетіне кері әсер етіпті.