Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық беріле ме - Ішкі істер министрлігі жауап берді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:24
- 1
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Парламент Мәжілісінің кулуарында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов, қоғам белсендісі болған Перизат Қайратқа қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Санжар Әділов аталған тұлғалардың бостандыққа мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін жоққа шығарды.
«Сіздер атаған фигуранттар амнистияға ілінбейді. Себебі Қылмыстық кодекстің 78-бабында амнистия қолдануға тікелей тыйым салатын нормалар бар. Терроризм, экстремизм, мемлекетке опасыздық жасау, сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша сотталғандарға, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында заң бұзғандарға ешқандай рақымшылық берілмейді», – деп мәлімдеді ол.
ІІМ өкілі бұл аталған азаматтарға қатысты рақымшылық жасау күн тәртібінде жоқ екенін жеткізді.
«Аталған азаматтарға қатысты рақымшылық жасау мәселесі күн тәртібінде тұрған да жоқ, ешқашан тұрмайды да», – деп түйіндеді Санжар Әділов.
Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында синтетикалық есірткіні жасап, сатып жүрген азамат ұсталды
- авторkyn.kz
- 2 маусым, 2026



