Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі "Достық" орденін табыстады

Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі "Достық" орденін табыстады
Сурет: ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Президент Никос Христодулидиске І дәрежелі "Достық" орденін табыстады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президенті Николас Христодулидисті  бірінші дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Президент Кипрдің Қазақстанның Еуропа Одағымен байланысын дамытуда әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты. 

 “Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынас едәуір нығайды. Астана мен Никосияда елшіліктер ашылып, тұрақты байланыс орнатылды. Президент Никос Христодулидистің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары Ларнака мен Астана арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсінің іске қосылуымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні ерекше. Біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Бұл екі халықтың да мүддесіне сай келеді”, – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Кипр басшысы екіжақты қатынастардың дамуына елеулі үлес қосып келеді.

“Мен мұны жоғары бағалаймын. Осыған байланысты бүгін Президент Никос Христодулидиске І дәрежелі "Достық" орденін табыстадым. Бұл марапат – қазақ халқының Сізге және Кипр жұртына деген ерекше құрметі мен шынайы ықыласының белгісі”, – деді мемлекет басшысы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар