+37 граудсқа дейін күн ысиды: Қазақстанда күн ыстық болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:09
- 22
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 4–6 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, белсенді әрі терең циклон Қазақстан аумағының басым бөлігіне әсерін жалғастырып жатыр.
«Алдағы күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады. Найзағаймен бірге жаңбыр жауып, жел күшейеді, сондай-ақ кей өңірлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Қатты жаңбыр 4 маусымда елдің батыс өңірлерінде, 4–5 маусым күндері солтүстік-батыс пен солтүстікте, ал 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында күтіледі. Тек Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.
Күндіз еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы +22…+30 °C-қа дейін көтеріледі. Солтүстік-шығыс пен шығыста ыстық ауа райы сақталып, температура +30…+37 °C-қа жетеді. Ал республиканың оңтүстік-шығысында аптап ыстық сәл бәсеңдеп, ауа температурасы +25…+33 °C шамасында болады.
Бұған дейін «Қазгидромет» 3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.




