Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте жүк көлігі 11 жасар баланы қағып өлтірді

Шымкентте жүк көлігі 11 жасар баланы қағып өлтірді
Сурет: видеодан скриншот
Шымкентте жүк көлігі оқушыны жүк көлігі қағып кетті.

Шымкентте Абай ауданы әкімдігіне қарасты коммуналдық мекеменің ауыр жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 11 жасар баланы қағып мерт қылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Биыл 5-сыныпты аяқтаған Нұрасыл отбасындағы 6 баланың екіншісі болған. Ол қарындасымен бірге дүкенге балмұздақ алуға шығып, Қайнарбұлақ саяжай алабындағы жолдан өтіп бара жатқан сәтте ауыр техниканың астында қалған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жасөспірім оқиға орнында жан тапсырған. Ал есеңгіреп қалған жүргізуші бірден қамауға алынып, көлік айып тұрағына қойылды.

"Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаменті.

Айта кетейік, соңғы аптада бұл осындай бірінші оқиға емес, бұған дейін Астанада бетон араластырғыш көлік велосипед мінген мектеп оқушысын байқамай қалып, ол да көз жұмған болатын.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар