Нұрайдың өлімі: іс сотқа қашан түсетіні белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:53
- 49
Сенат кулуарында журналистер Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділовтен Шымкентте кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу қай кезеңде және материалдар қашан сотқа жолданатынын сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Санжар Әділовтің айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша тергеу маусым айында аяқталады. Содан кейін материалдар сотқа жолданады.
Айта кетсек, қайғылы оқиға 11 қаңтарда орын алды. Бейнебақылау камералары күдіктінің Нұрайдың соңынан еріп барып, пышақ жарақатын салғанын тіркеген. Сондай-ақ қанды оқиғаға дейін бірнеше ай бойы сталкинг (аңду) және алып қашу деректері болғаны анықталды.
Сәуірде күдікті тергеу изоляторынан Алматы облысы Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханаға ауыстырылған болатын.
Отбасының адвокатының бұған дейін берген мәліметі бойынша, 28 жастағы күдіктіге қатысты бірқатар сараптама тағайындалып, ол мамандардың бақылауымен қарқынды ем қабылдаған.




