Қоғам
"Ауыр эмоционалды күйде болған": Алматыда әйел бесінші қабаттан секіріп көз жұмды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 маусым, 2026
- 126
1988 жылғы әйел терезеден секіріп қайтыс болды.
Алматының тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оқиға Наурызбай ауданында орын алды.
Алдын ала мәліметке сүйенсек, 1988 жылы туған әйел бесінші қабаттың терезесінен секіріп, өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын растаған.
Қазір бұл дерек бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.
"Марқұм әйел осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес кейінгі уақытта ол жеке өміріндегі жағдайларға байланысты ауыр эмоционалды күйде болған", - деп жазылған полиция хабарламасында.




