Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Комик Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеруді аяқтады

Комик Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеруді аяқтады
Сурет: ашық дереккөздерден
Сабуровқа қатысты тексеру шаралары аяқталған.

ҰҚК комик Нұрлан Сабыровқа қатысты тексеруді аяқтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұған дейін желіде Нұрлан Сабуров Украинамен қақтығысқа қатысып жатқан ресейлік әскерилерге қаржылай көмектескен-мыс деген видео пайда болған еді.

Тengrinews.kz ҰҚК-ге Сабуровқа қатысты қылмыстық заңнаманы, оның ішінде Қылмыстық кодекстің 170-бабын бұзу ықтималдығы бойынша тексеру жүргізілген-жүргізілмегені туралы сауал жолдаған болатын.

"Ақпарат назарға алынды, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп жауап берген еді сол кезде ҰҚК өкілдері.

Жақында жаңа ресми сауалға жауап алдық. Жауапқа сәйкес, Сабуровқа қатысты тексеру шаралары аяқталған.

"Тексеру шараларының нәтижесінде құқық бұзушылық белгілері анықталмағанын хабарлаймыз", - деп мәлімдеді ҰҚК.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар