Қызылорда облысында жоғалып кеткен қыздың денесі өзеннен табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 маусым, 2026
- 186
Қызылорда облысында бірнеше күннен бері із-түзсіз жоғалып кеткен 6 жастағы қыздың денесі Әйтек су торабынан ағыспен төмен қарай 30 шақырым жерден табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдын ала тараған ақпаратқа сәйкес, қыз баланың денесі Сырдария өзенінен табылған. Құтқарушылар мәйітті су айдынынан шығарып алған.
Еске сала кетейік, 6 жастағы қыз 5 маусымда кешкі уақытта Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің жағалауына жақын орналасқан "Рисмаш" ауданындағы үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Осыдан кейін өңірде ауқымды іздеу операциясы басталған еді.
Іздеу жұмыстарына дрондар, қызметтік иттер, қайықтар мен сүңгуірлер тартылды. Мамандар өзен бойын, жағалауды және оған іргелес аумақтарды бірнеше тәулік бойы тексерді.
Ұқсас жаңалықтар
Маусым айында Қазақстандағы тұрғын үй сатылымы сенімді өсім көрсетті
- авторkyn.kz
- 10 шілде, 2026
Алматыда кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2026




