Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қылмыстық істердің бірі тоқтатылды

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: қылмыстық істердің бірі тоқтатылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Zeekr жүргізушісінің таныстары тергеуді шатастырмақ болып, күдікті мас болғанын жоққа шығарған.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына байланысты қозғалған қылмыстық істердің бірі тоқтатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мейірман Шекеев айыпталушымен трагедия алдында бірге болғандарға қатысты жеке іс қозғалғанын айтты.

"Айыпталушының қасында болған төрт адамға қатысты көрінеу жалған айғақ бергені үшін Қылмыстық кодекстің 420-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол ішімдік ішкенде бірге болғандар туралы сөз болып отыр", - деді ол.

Заңгердің пікірінше, Zeekr жүргізушісінің таныстары тергеуді шатастырмақ болып, күдікті мас болғанын жоққа шығарған.

"Бастапқыда бұл төртеуі күдікті А.П. мүлдем ішімдік ішпегенін айтқан. Алайда кейін медициналық сараптама қорытындысы шығып, басқа да дәлелдер табылды. Осыдан кейін тергеуші бұл эпизодты жеке өндіріске бөліп, материалдарды тергеуге жолдады", – деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар