Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қызылорда облысында мәйіті каналдан табылған қыздың өліміне күдікті ер адам ұсталды

Қызылорда облысында мәйіті каналдан табылған қыздың өліміне күдікті ер адам ұсталды
Сурет: видеодан скриншот
Шиелі ауданында каналдан қыз баланың сүйегі табылған.

Қызылорда облысында қыздың өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірдің Полиция департаменті мәліметіншіе, ол Шиелі ауданының тұрғыны болып шыққан.

"3 маусымда Шиелі ауданының тұрғыны полицияға канал шлюзінен қыз баланың сүйегі табылғанын хабарлаған. Бұл оқиғаға қатысты адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді өңір полициясы.

Туыстарының айтуынша, қыз 2 маусымда кешкі уақытта үйінен шығып кетіп, оралмаған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты басқа дерек жария етілмеді.

Тергеу барысы Қызылорда облысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені айтылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар