"Қант диабеті мен семіздікті азайтады": елімізде тәтті сусындарға салық енгізу қарастырылуда
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:20
- 51
Елімізде құрамында қанты бар сусындарға акциз енгізілуі мүмкін. Себебі Денсаулық сақтау министрлігі балалар арасындағы семіздік пен қант диабетінің таралуын азайтуға көмектесетінін айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бұған дейін де тәтті сусындарға акциз енгізу мәселесі көтерілген еді. Алайда кейін бұл бастамадан бас тартылды.
Денсаулық сақтау министрлігі 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарының жобасын жариялады.
Министрлік мәліметінше, жоспар жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық дерттер, созылмалы тыныс алу жүйесі аурулары мен қант диабетінен болатын мерзімінен бұрын өлім-жітім қаупін төмендетуге бағытталған. Сонымен қатар балалар арасындағы семіздіктің алдын алуға ерекше назар аударылған.
Бұдан бөлек халық денсаулығын жақсарту аясында құрамында қант, тұз, қаныққан майлар мен трансмайлар мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында шектеу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Эбола вирусы: Денсаулық министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 маусым, 2026



