"Наташаны Азамат хәл үстінде жатқанда естігем": Дана Нұржігіт 32 жыл бұрын ауылдастарынан зорлық көрген әйелді танитын болып шықты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:06
- 52
Белгілі журналист Дана Нұржігіт марқұм әріптесі Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы Наташа Қалымбетова қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Наташа Қалымбетованың Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін жақында ғана білген.
«Бірнеше күннен бері осыдан 32 жыл бұрын бір топ айуанның қолына түсіп зорланған, аяғы ауыр болып, дүниеге келген баласынан көз жазып қалған ананың біздің марқұм әріптесіміз Азамат Қалымбетовтың туған қарындасы екенін кеше білдім. Білдім де “аһ” ұрдым! Бұл мәліметті маған жеткізген радиодағы әріптесім Жанар Оразымбетке рақмет!», – деп жазды Дана Нұржігіт.
Наташа жайында әріптесі хәл үстінде жатқанда ғана естіген. Бірақ бір-бірін көрмеген екен.
«Мен Наташаға бірден хабарласып, бүгін жылап көрістік! Наташаны Азамат хәл үстінде жатқанда ғана біліп, естігенім болмаса, бір-бірімізді көрген адамдар емеспіз», – деді ол.




