"Бірден полицияға жүгіну керек": депутат сталкинг белгілерін атады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:59
- 29
Мәжілісте депутат Снежанна Имашева сталкинг қандай әрекеттерден байқалатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистер депутаттан нақты қандай әрекеттер сталкинг белгілері екенін және әлеуметтік желідегі хабарлама, қоңырау саны қаншаға жеткенде әрекет ету қажет екенін сұрады.
“Егер бір немесе екі хабарлама қорқыныш тудырса, бірден полицияға жүгіну қажет. Ал оның сталкинг немесе жай ғана орынсыз әрекет екенін құқық қорғау органдары анықтайды”, – деді Имашева.
Айтуынша, егер адам сіздің «жоқ» деген жауабыңызды елемей, ары қарай да байланыс орнатқысы келсе, онда бұл сталкинг болғаны.
“Егер адам бір-екі рет сөйлесуді ұсынса, ал сіз “жоқ” деп жауап бергеннен кейін де ол байланыс орнатуды жалғастырса, мұны да сталкинг деуге болады. Мұндай жағдайда полицияға жүгіну керек”, – деді депутат.
Сондай-ақ, адаммен қарым-қатынасты ашық айту керек екенін және уақытында полицияға жүгінуге шақырды.




