Қоғам
Түркістан облысында 1 жасар бала даладағы әжетханаға түсіп кетті
- автор kyn.kz
- 10 маусым, 2026
- 279
Құтқарушылар баланы аман алып шықты
112 пультіне Түркістан облысының Темірлан ауылында 2025 жылы туған бала жеке үйдің ауласындағы дала әжетханасына құлап кетіп, оны шығара алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жіберілді. Құтқарушылар баланы абайлап шығарып алып, 103 қызметінің мамандарына тапсырды.
ТЖМ балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауды ескертті", - делінген хабарламада.




