Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бұл отбасылық бюджет пен отбасылық қарым-қатынас мәселесі": вице-мигнистр емізулі баласын көтеріп, курьер қызметін атқарып жүрген әйел туралы

"Бұл отбасылық бюджет пен отбасылық қарым-қатынас мәселесі": вице-мигнистр емізулі баласын көтеріп, курьер қызметін атқарып жүрген әйел туралы
Сурет: ашық дереккөздерден
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай баласына бір қолына ұстап, курьер қызметін атқарып жүрген әйелге қатысты айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай қолындағы сәбиімен курьер қызметін атқарып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді. ол келіншектің суреті желіде тарап, көпшіліктің назарын аудартқан еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Брифингте журналистер Шегайдан бұл фотоны көрген-көрмегенін және декреттік демалыстағы әйелдің курьер болып жұмыс істеуге мәжбүр болуын қалыпты жағдай ма деп сұрады.

"Фотоға келетін болсақ, бұл мәселеге қатысты пікір білдіруге құзыретім жетпейді. Біріншіден, бұл суреттің нақты қай жерде түсірілгенін және қай қала туралы сөз болып жатқанын білмеймін. Екіншіден, егер мәселе бала күтімі бойынша декреттегі ананың не істеуі керектігіне қатысты болса, бұл отбасылық бюджет пен отбасылық қарым-қатынас мәселесі деп ойлаймын. Сондықтан бұл жерде өз тарапымнан пікір білдіру дұрыс болмас еді", - деп жауап берді Виктория Шегай.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар