Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте хиджаб киген қыз есірткі сатқан деген күдікке ілінді

Шымкентте хиджаб киген қыз есірткі сатқан деген күдікке ілінді
Сурет: видеодан скриншот
Хиджаб киген қыз есірткі таратқан.

Шымкентте полиция хиджаб киген қызды ұстады. Ол есірткі таратты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полициясының мәліметінше, ұсталған сәтте бойжеткеннің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған. Сондай-ақ электронды таразылар шыққан. Одан бөлек есірткіні өлшеп, орауға арналған қаптама материалдары тәркіленген.

Осыдан кейін полицейлер күдіктінің жалға алынған пәтерінде тінту жүргізді. Пәтерден әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамм болатын есірткі салынған тағы 32 орам табылған.

Қылмыстық іс қозғалды. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар