Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бұрын мал да сойып көрмегенмін": Сұлтан Сәрсемалиев марқұм Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны қалай өлтіргенін айтты

"Бұрын мал да сойып көрмегенмін": Сұлтан Сәрсемалиев  марқұм Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаны қалай өлтіргенін айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Сұлтан Сәрсемалиев екі адамды қалай өлтіргені туралы айтты.

Атырауда бір отбасының өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста айыпталушы Сұлтан Сәрсемәлиев марқұм Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның өліміне қатысты жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеп. 

Сотта Наурыз Мұқанғалиевтің оқиға орнында бірден көз жұмбағаны айтылған.

«Наурыз бірден қайтыс болған жоқ. Өмірімде бірінші рет осындай жағдай болды. Бұрын мал да сойып көрмегенмін», – деді айыпталушы.

Сәрсемәлиевтің сөзінше, болған жағдайдан кейін ол біраз уақыт аулада отырып, не істерін білмей қалған. Кейін үйге қайта кіргенде Наурыздың еденде жатқанын көргенін айтты.

Айыпталушы оның тірі қалуы мүмкін деп ойлағанын, сол себепті қорыққанын жеткізді. Оның айтуынша, сол сәтте полиция шақыру туралы да ойлаған, бірақ отбасын, бес баласын еске алып, екіұдай күйде қалған.

Сот барысында Сәрсемәлиев Мейрамгүлдің өліміне қатысты да жауап берді. Оның айтуынша, Мейрамгүл ата-анасы қайтыс болғаннан кейін Жангелдин ауылынан әкелініп, Ақбаянға көмектесу үшін үйде болған.

Айыпталушы екеуінің арасында жанжал шыққанын айтты. Оның сөзінше, Мейрамгүл өзіне ауыр сөздер айтқаннан кейін ашуға бой алдырған.

«Ол кезде ешқандай өкініш болған жоқ. Үш адамды өлтіргеннен кейін бәрібір болып кетеді екен», – деді Сәрсемәлиев сотта.

Іс материалдарына сәйкес, Мейрамгүлді өлтіруге бұған дейін Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Мұқанғалиеваның өліміне қолданылған пышақ пайдаланылған.

Айыпталушының сөзінше, қылмыстан кейін Мейрамгүлдің денесін Наурыз Мұқанғалиевтің мәйіті жасырылған жерге апарып көмген.

Еске салайық, бұған дейін сотта Сәрсемәлиевтің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның алғашқы жауабының бейнежазбасы көрсетілген еді. Онда әйел болған жағдайды түсінбейтінін айтқан.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар