Шымкент тұрғыны басқаларды Қазқастанда жаңа мемлекет құруға шақырған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:28
- 66
Биыл елімізде сәуір-мамырда террористік және экстремистік қылмыс жасағаны үшін 13 адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
ҰҚК ресми сайтының мәліметінше, Астана қаласының әлеуметтік желіде террористік идеологияны насихаттаған, сондай-ақ айналасындағыларды террористік белсенді аймақтарға шығуға үгіттеген. Сот шешімімен ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Одан бөлек Шымкент қаласының тумасы, ол айналасындағыларды Қазақстанда теократиялық мемлекет құруға шақырып, терроризм идеяларын таратқан. Сот оған 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
ҰҚК мәліметінше, осы кезеңде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарында осындай қылмыстар жасады деген күдікпен 11 адам, оның ішінде 2 шетелдік және шетелден экстрадицияланған 3 Қазақстан азаматы ұсталды.
Олар ғаламторда және өз айналасында экстремистік материалдарды таратты, террористік белсенділік аймақтарына шығуға және өздерінің ұстанымдарымен келіспейтін адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа шақырды деп күдікке ілінген.
Қылмыстық кодекстің тиісті баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Ұқсас жаңалықтар
1 шілдеден бастап Салық кодексінде "тенге" атауы өзгертіледі
- авторТомирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:43



