Санжар Боқаевты қамау мерзімі 18 шілдеге дейін ұзартылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 маусым, 2026
- 220
Осы жылдың наурыз айында ұсталған азаматтық белсенді Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының тергеу соты қорғау тарапының бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы қоғам белсендісі Санжар Бокаевтың адвокаты Радмир Утепов хабарлады.
«Бүгін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты біздің қорғауымыздағы Санжар Бокаевтың қамауда ұстау мерзімін 2026 жылғы 18 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Біз берген өтініш қанағаттандырусыз қалдырылды», — деді адвокат.
Еске салсақ, Санжар Бокаев наурыз айында ұсталған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша, ол ағаштарды заңсыз кесуді ұйымдастырды, құрылыс нысандарындағы ұрлыққа қатысты және аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.




