Жеңімпаздың жасы – 27-де. Ол Алматы қаласындағы медициналық орталықтардың бірінде медбике болып жұмыс істейді. Қыз «Сәтті Жұлдыз» лотереяларына шамамен бір жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде TeleBingo мен LOTO 6/49 лотереяларының тұрақты қатысушысына айналған.
Жеңімпаздың айтуынша, пәтер ұтқаны туралы хабар оған күтпеген тосынсый болған.
«Лотереяларға қатысқаныма бір жылдай уақыт болды. Әрдайым жолым болады деп үміттенетінмін, бірақ мұндай ірі жүлде ұтамын деп ойламадым. Қуанышымда шек жоқ. Бұл сый үшін тағдырыма ризамын», – дейді ол.
Қазір бойжеткен ата-анасымен бірге тұрады. Оның айтуынша, ұтып алған жүлде бұрыннан жоспарлаған мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
«Ең алдымен қолымдағы несиелерді жабуды жоспарлап отырмын. Одан кейін шетелге демалуға барғым келеді. Бұл ұтыс мен үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, ертеңгі күнге деген сенімді арттырды», – дейді жеңімпаз.
Сәтті билет иесі Ұлттық лотереяға сенетінін айтып, басқа қатысушыларды да өз бақтарына сенуге шақырды.
«Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін! Өз бағыңызға сеніңіздер. Өйткені жолдың қашан боларын ешкім білмейді», – деді ол.
«Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы жеңімпазды құттықтап, барлық арманы мен жоспарларының орындалуына тілектестік білдірді.
Сіз де бағыңызды сынап көргіңіз келсе жүлделі ұтыстар жайлы ақпаратқа өтіңіз: https://sz.kz/game?gameid=1079&ispack=true



