Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

АҚШ-та қазақстандық жоғалып кетті: ер адамның мәйіті табылды

АҚШ-та қазақстандық жоғалып кетті: ер адамның мәйіті табылды
Сурет: smi24.kz
АҚШ-та қазақстан азаматының мәйіті табылды.

АҚШ-та жақында із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандықтың денесі табылды, Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ерлан Жетібаевтың айтуынша, брифинг басталар алдында СІМ-ге жоғалған қазақстандыққа қатысты жаңартылған ақпарат түскен.

"Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр. Біздің дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде", – деді Ерлан Жетібаев.

АҚШ тарапынан ресми ақпарат түскен сайын Сыртқы істер министрлігі қосымша мәлімет ұсынуға уәде берді.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар