Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісуда көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді

Жетісуда көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Сурет: pixabay
Күйеуін өлтірді деген күдікпен көпбалалы ана қамауға алынды.

Жетісу облысы Текелі қаласында 45 жастағы күйеуін өлтірді деген күдікпен көпбалалы ана қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 10 маусымға қараған түні Текелі қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінде болған..Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында өлімге әкелген жарақатты ерлі-зайыптылардың бірге спирттік ішімдік ішкен кезінде жұбайының салғаны анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы бақылауда және прокуратура органдарымен келісім бойынша жүзеге асырылып жатыр», – деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратынша, сот санкциясымен күдікті қамауға алынған және қазіргі уақытта Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторында отыр.

Алайда әлеуметтік желіде әйелдің көршілері оның ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылыққа ұшырап келгенін айтуда.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар