Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қыздар.нет“ сайтының ұйымдастырушыларынан бірнеше коттедж, пәтер, көлітер табылды

“Қыздар.нет“ сайтының ұйымдастырушыларынан бірнеше коттедж, пәтер, көлітер табылды
Сурет: видеодан скриншот
"Қыздар.нет" атышулы сайтының ұйымдастырушыларының атында қандай мүлік бары анықталды.

Алматы Полиция департаменті "Қыздар.нет" атышулы сайтының ұйымдастырушыларынан қандай мүлік табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Күдіктілердің атына шағын және орта бизнес саласындағы 8 компания, Алматы мен Алматы облысының аумағында құны қымбат мүліктер тіркелгені анықталды.

Олардың ішінде:

  • 5 пәтер,
  • 6 коммерциялық нысан,
  • 6 коттедж,
  • 10 жер телімі,
  • 6 көлік тұрағы,
  • 11 люкс класындағы автомобиль бар.

"Қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету және оның заңдастырылу белгілерін анықтау мақсатында күдіктілер мен оларға қатысы бар компаниялардың мүлкіне қатысты мәмілелер тоқтатылды. Аталған мүлікке шектеу қойылды", – деп хабарлады Алматы ПД.

Айта кетсек, 15 маусымда"Қыздар.нет" сайтының ұйымдастырушылары ұсталғаны хабарланды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар