Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Пойыз билеті неліктен ұшақпен салыстырғанда қымбат?: ҚТЖ өкілі жауап берді

Пойыз билеті неліктен ұшақпен салыстырғанда қымбат?: ҚТЖ өкілі жауап берді
Сурет: ҚТЖ
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының басшысы пойыз билеттерінің бағасына қатысты айтты.

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының басшысы Қазақстанда пойызбен жүру неге ұшақтан да қымбат деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Биыл 1 сәуірден бастап билет бағасы 7 пайызға өскен.

“Бізде билет бағасы жылдың кез келген мезгілінде және тәуліктің кез келген уақытында бірдей сақталады. Сіздер айтып отырған 35 мың теңге көлеміндегі баға қаңтардан желтоқсанға дейін өзгеріссіз қалады. Жыл сайын Көлік министрлігімен жасалған келісімге сәйкес тарифтерге индексация жүргізіледі. Биыл 1 сәуірден бастап билет бағасы 7% өсті”, – деді Ануар Ахметжанов.

Сондай-ақ, пойыз билетінің бағасы жыл бойы тұрақты сақталатынын айтады.

“Сұраныс төмен кезде әуе билеттерінің бағасы пойыз билеттерімен шамалас болуы мүмкін. Кей жағдайда теміржол билеттері қымбатырақ болып көрінуі де ықтимал. Алайда сұраныс ең жоғары болатын маусымдарда әуе билеттерінің құны 70 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жетеді. Сондықтан бағаны жылдық орташа көрсеткіштер мен әртүрлі маусымдарды ескеріп салыстырған дұрыс. Тағы да қайталап айтқым келеді, бізде билет бағасы жыл бойы тұрақты сақталады”, – деді Ахметжанов.

Ол әуе билеттерінің бағасы теміржол билеттерінен айтарлықтай жоғары болатынын жеткізді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар