Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
Сурет: Ақорда
Тоқаев медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Ақордада өткен медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарада президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық дәрігерлерге еңбегі үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Медицина қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.

"Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Халық даналығы "Денсаулық – ең үлкен байлық" дейді. Ұлт денсаулығы – еліміз үшін шынымен де ең жоғары құндылық. Сондықтан медицинаны дамыту – мемлекеттің стратегиялық мақсаты. Дәрігерлер қоғамда ерекше рөл атқарады. Денсаулық сақтау саласына халықтың игілігі үшін адал қызмет ететін әрбір қызметкердің еңбегі жалпыға бірдей тануға лайық”, – деді президент.

Президент медицина қызметкерлерін құттықтай отырып, ұлттық референдумға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтты.

“Мемлекет басшысы ретінде мен осы салада жанқиярлықпен еңбек етіп жатқан барлық мамандарға шын жүректен алғыс айтамын", – деді президент.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар