Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Фамилия иығымызға ауыр жүк болып тұр”: Заманбек Нұрқаділовтың немересі әкесі жайлы айтты

“Фамилия иығымызға ауыр жүк болып тұр”: Заманбек Нұрқаділовтың немересі әкесі жайлы айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Заманбек Нұрқаділовтың немересі тегіне қатысты жазба жариялады.

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділов-тің немересі Нұрбибі Нұрқаділова әкесінің жұмыс іздеп жүргенін, бірақ айналасындағы адапдардың көбі онымен байланыс үзгенін айтты деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Нұрбибі Нұрқаділова әкесі Қайрат Заманбекұлы туралы Threads әлеуметтік желісінде жазба жариялады.

Нұрбибі әкесі 59 жасында жұмыс іздеп жүргенін айтып, бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ол кезінде әкесіне жақын болған кей адамдардың қазір көмектесуден бас тартып отырғанын жеткізді.

«Атам тірі кезде, әкем бәріне керек еді, ал бүгін өмір оны жол жиегіне ысырып тастағаны өкінішті. Бүгін әкеммен тағы кездестім. Тағы да атамның әрекеттері оған, бізге қалай әсер еткені туралы сөйлестік. Оның көңілі қалған, үміті үзілген жанарын тағы көрдім. Тағы да бұған қатысы барлардың бәріне ашуландым. Әлі күнге дейін бұл фамилия иығымызға ауыр жүк болып тұр. Өкінішті», – деді ол.

Желі қолданушылары неше түрлі пікір жазуда. Бірі оны қолдап, көңіліне демеу айтуда. Алайда бұл жазба үшін даттағандар да бар. 

Еске салайық, Қайрат Нұрқаділов – саясаткер және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов-тің ұлы. Ал Мақпал Жүнісова 2026 жылы Мемлекет басшысының қолынан ІІ дәрежелі «Барыс» орденін алған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар