Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Олардың материалдық жағдайы жақсы": еңбек министрі Алматыда сәбиімен бірге курьер қызметін атқарып жүрген әйел туралы

"Олардың материалдық жағдайы жақсы": еңбек министрі Алматыда сәбиімен бірге курьер қызметін атқарып жүрген әйел туралы
Сурет: видеодан скриншот
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баламен курьер қызметін атқарып жүрген әйелге қатысты ақпарат жинаған.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Алматыда қолында сәбиін ұстап, жеткізу қызметінің рюкзагін асынған суреті тараған әйелге қатысты айтты, деп деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Министр Асқарбек Ертаевтың айтуынша, ведомство қызметкерлері отбасының жағдайын зерделеді. Күйеуінің IT саласында жоғары білімі бар, ал өзінің орта арнаулы техникалық және мектепке дейінгі білімі бар екені анықталды.

"19 мамырда олар Алматыға өз бетінше бағын сынап көруге (жұмыс іздеуге - ред. еск.) келген. Біз көшіп жатқан барлық жастарға мансап орталықтарына жүгінуге кеңес береміз. Дәл сол жерде қандай бос жұмыс орындары мен мүмкіндіктер бар екенін айтып береді", - деді Асқарбек Ертаев.

Министр әйелдің шынымен курьер ретінде тіркелгенін растады. Алайда ол баламен жұмысқа қалай қабылданғаны туралы сұрақ туындаған.

Оның айтуынша, жеткізу қызметінің өкілдері жауап дайындау үшін уақыт сұраған. Министрлік бұл мәселеге келесі аптада қайта оралуды жоспарлап отыр.

"Бізге азаматтарымыздың мұндай платформаларда тіркелуін реттейтін бірыңғай тәртіпті анықтау қажет: олар қандай қауіпсіздік техникасынан, қандай нұсқаулықтардан өтуі тиіс", - деп атап өтті шенеунік.

Журналистердің әйелдің күйеуі ауырып қалғанын және нәрестені қалдыратын адам болмаған соң жұмысқа шығуы мүмкін деген болжамына Ертаев отбасының жағдайы бар екенін алға тартты.

"Ломбард саласымен айналысатын туған ағасы бар, ата-анасының жағдайы жақсы. Сондықтан олардың материалдық жағдайы жақсы", - деп мәлімдеді Асқарбек Ертаев.

Ертаевтың айтуынша, министрлік әйелдің отбасына мемлекеттік қолдау көрсетудің ықтимал шараларын қарастырған. Оның күйеуіне IT саласында жалақысы жақсы бірнеше бос жұмыс орны ұсынылды.

"Бізде жұмыс берушілер ай сайын 107 мың бос жұмыс орнын ұсынады. Олар түрлі салада бар. Мансап орталықтары арқылы жүгіну керек. Олардың міндеті - жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу", - деп мәлімдеді шенеунік.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар