"+43 градусқа дейін ыстық": шілде айында күн ыстық болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 16:01
- 47
“Қазгидромет” РМК шілде айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, шілде айы ыстық болмақ. Елдің солтүстігі мен шығысында ауаның орташа температурасы +18...+23 градус шамасында болса, оңтүстікте +28...+30 градусқа дейін көтеріледі.
“Жекелеген күндері аптап ыстық күшейіп, солтүстік пен шығыста ауа температурасы +42...+43 градусқа дейін, орталық, батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде +47...+48 градусқа дейін, ал елдің оңтүстігінде +50 градусқа дейін жетуі мүмкін”, – делінген хабарламада.
Аптап ыстықпен қатар түнг уақытта кей жерлерде +5 градусқа дейін ауа райы төмендеуі мүмкін.
Қазақстанның солтүстігінде шілде – жылдың ең жауын-шашынды айы. Жауын-шашын көбіне найзағаймен қатар жүреді, ал кей жерлерде нөсер жаңбыр түрінде жаууы мүмкін.
Найзағайдың ең жоғары белсенділігі елдің солтүстік, шығыс және таулы өңірлерінде күтіледі. Сонымен қатар, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін.



