Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады.
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алдағы демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
«Ауа температурасы 30-38 градусқа дейін жоғарылайды. 21-22 маусымда республиканың солтүстік-батысында және орталығында аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы 40-41 градусқа дейін жетеді. Тек батыс өңірлерде ыстықтың беті қайтып, ауа температурасы 22-33 градус шамасында болады», – делінген синоптиктердің болжамында.



