Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Блогер Джузефинаның үстінен желідегі тікелей эфирі үшін іс қозғалды

Блогер Джузефинаның үстінен желідегі тікелей эфирі үшін іс қозғалды
Сурет: ашық дереккөздерден
Джузефина лақап атымен танымал блогер полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Джузефина лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаеваның үстінен  іс қозғалды. Ол әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде әкесінің оны бала кезінде зорлағанын айтқан еді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қостанай облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қыздың бейнежазбалары әлеуметтік желілерде таралған. Тікелей эфир кезінде ол бейәдеп сөздер айтып, орынсыз мінез-құлық танытқан.

Полиция тергеу жүргізіп, туыстарымен сұхбаттасып, жарияланған материалдарды қарап шықты. Қыздың ата-анасы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ қыздарымен ұзақ уақыт бойы байланыста болмағанын мәлімдеді.

Блогер желідегі парақшасында өзінің үстінен полицияға анасы арыз тастағанын жазды.

«Үйімнен досымды шығарып салып жатқанда полиция қызметкерлері күтіп алды. Есікті жаптырмай Бостандық районының полиция бөлімшесіне алып кетті. Менің анам арыз түсіріпті. Бәрі әділетті өтсін», - деп жазған стористе.

Ата-анасының шағымы бойынша блогер жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Қыз ұсақ бұзақылық үшін де жауап береді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар