Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда кинотеатрларға +18 фильмдерге балаларын ертіп келетін ата-аналар енді жазаланады

Қазақстанда кинотеатрларға +18 фильмдерге балаларын ертіп келетін ата-аналар енді жазаланады
Сурет: tlum.ru
Ересектерге арналған фильмдерге баламен келуі заңға қайшы.

Елімізде ересектерге арналған фильмдерге кәмелетке толмаған баласын ертіп баратын ата-аналарға қатысты талап күшеймек. Заңгерлер жас санаты 18-ден жоғары киноға ұл-қызымен кіретін тұрғындарды кинотеатр әкімшілігі қатаң бақылауға алу керек болып отыр. Себебі бұл әрекет заңға қайшы. Алайда қазір аталған талапты елеп жатқан жан жоқ дейді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Түнгі сеанстарға ұл-қыздармен кіретіндер жұрттың ашуын туғызды. Тұрғындардың бірі мазамыз қашады десе, енді бірі ересектерге арналған фильмдер баланың психикасын бұзады дейді. 

“Баламен жүру дұрыс емес. Біріншіден, психикасын бұзады ересектер көретін кино. Екіншіден, ол жылап, берекемізді қашырады. Демалғандай болмайсың”, – деді талдықорғандық тұрғын Айгерім Бекәлі.

Мамандардың айтуынша, ересектерге арналған фильмдерге баламен келуі заңға қайшы. Елімізде "Кинематография туралы" заң барын ескертті. Егер киноның жас санаты 18-ден жоғары болса, бала ата-анасымен келген күннің өзінде де кіре алмайды. Мұны кинотеатр әкімшілігі қадағалау керек деп отыр.

“Кинотеатрлар кәмелетке толмағандарды 18+ және 21+ санатындағы фильмдерге жібермеуі керек. Мұндай жағдайда жауапкершілік кинотеатрға жүктеледі. Бұл жүйе "Кинематография туралы" заңмен реттелген. Егер кинотеатр кәмелетке толмаған баланы 18+ немесе 21+ санатындағы фильмге кіргізсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 134-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады”, – деді заңгер Ғалым Телеуов.

Заң талаптарын бұзған кинотеатрларға 165 мыңнан 330 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Алайда мамандар ең алдымен жауапкершілік ата-ананың өзінде екенін айтады.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар