Елімізде қағаз еңбек кітапшалары онлайн форматқа ауыстырылады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:35
- 58
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев қағаз еңбек кітапшаларының қолданыстан шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тұяқбаевтың айтуынша, қағаз кітапша ескірген формат.
"Біз қағаз еңбек кітапшаларынан бас тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл қазір ескірген формат деп есептейміз. Жасанды интеллект дамыған заманда еңбек кітапшалары да тарихта қалуы керек", – деді ол.
Келесі жылдан бастап электронды еңбек шарттарына кезең-кезеңімен көшу басталады.
"Адам өзімен бірге еңбек кітапшасын алып жүруі немесе оның қайда жоғалғанын ойлап уайымдамауы керек. Ол жүйеде сақталуы тиіс. Жүргізуші куәлігі сияқты және басқа да құжаттар секілді", – деді Тұяқбаев.
Осылайша, 2027 жылға қарай Қазақстанда қағаз еңбек кітапшаларынан толық бас тарту жоспарланып отыр.




