Алматыда әйел сәбиімен бірге курьер болып жұмыс істеп жүр: отбасы қаладан көшіп кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:49
- 57
Алматыда сәбиімен бірге курьер болып жұмыс істеп жүрген әйелдің отбасы қаладан көшіп кетті. Бұл туралы Сенат кулуарында еңбек вице-министрі Ербол Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оның сөзінше, Алматы қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы отбасына хабарласып, көмек ұсынған.
"Бұл жарияланым шыға сала, Алматы қаласы әлеуметтік қорғау басқармасы атынан олардың үйіне барып, жұмысқа орналастыру шараларын ұсындық. Отбасы одан бас тартты", - дейді Тұяқбаев.
Оның сөзінше, отбасы өз бетінше Алматыдан кетіп қалған және қазір Шымкентте.
"Олар өз бетінше Алматыдан кетті, қазір бұған дейінгідей, Шымкентте тұрып жатыр. Қысым болған жоқ. Олар бұл шешімді өз беттерінше, ата-анасымен ақылдаса отырып қабылдады", - деп мәлімдеді вице-министр.
Алайда отбасының не себепті көшіп кеткені белгісіз. Бұл ақпаратты Шымкент әлеуметтік қорғау басқармасы растаған.




