Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Көзіме шөп салды": Динара Сәтжанның күйеуі, белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі

"Көзіме шөп салды": Динара Сәтжанның күйеуі, белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі
Сурет: ашық дереккөздерден
Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады.

Тележүргізуші әрі медиамаман Динара Сәтжанның күйеуі, белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлдың бұрынғы әйелі Жанна Жанықұлова онымен ажырасуына не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

​Бұрынғы жарының айтуынша, ол кәсіпкермен заңды некеде 20 жыл отасып, бес баланы дүниеге әкелген. Осы уақыт ішіндегі отбасындағы некенің бұзылуына жолдасының опасыздығы мен өмірінде басқа әйелдердің, атап айтқанда тоқалдарының болуы басты себеп болған.

«Қазір осы мәселеге байланысты сот процесі жүріп жатыр. Некеде тұрған жылдары неке келісімшарты да, мүлікті бөлуге қатысты әңгіме де болған емес. Бұл мәселелердің барлығы оның өмірінде жаңа әйел (Динара Сәтжан) пайда болғаннан кейін ғана көтерілді», – деп мәлімдеді Жанна Жанықұлова өзінің бейнеүндеуінде.

Бизнесменнің бұрынғы жары қазіргі уақытта жүріп жатқан мүлікті бөлу туралы сот процесінің әділ өтіп жатқанына күмән келтіретінін жеткізді. Осыған байланысты ол құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдерінен, желі қолданушыларынан қолдау мен көмек сұрап отыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар