Атырау облысының әкімі БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
- автор kyn.kz
- 26 маусым, 2026
- 1
Журналистика саласының ардагері Құмарғали Қабдеш «Құрмет» орденінің иегері атанды. Ал облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар бірқатар журналист Атырау облысындағы бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін «Еңбек ардагері», «Ақпарат саласының үздігі» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамоталарымен және Атырау облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиында Серік Шәпкенов сөз сөйлеп, БАҚ қызметінің қоғамдағы айрықша рөлін атап өтті.
–Ақпарат саласы адалдықты, жауапкершілікті және жоғары кәсібилікті талап етеді. Сіздер негізгі қызметтік міндетті атқарып қана қоймай, ел бірлігін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында еселі еңбек етіп жүрсіздер. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіріп, алғысымды айтамын. Кәсіби мереке құтты болсын! Зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс тілеймін! – деді Серік Шәпкенов.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұбаныш Жексенұлы ән шырқап, жиналғандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұқсас жаңалықтар
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026



