Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада әуежай маңына есегін жайған ер адам жауапқа тартылды

Астанада әуежай маңына есегін жайған ер адам жауапқа тартылды
Сурет: zoopark.ru
42 жастағы астаналық әуежай маңында есегін жайған.

Астанада ер адам әуежай маңында есегін жайған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 28 маусым күні полиция қызметкерлері әуежай маңынан қараусыз жүрген есекті анықтады.

«Полиция қызметкерлері есекті ұстап, кейін оның иесін тапты. Белгілі болғандай, есек қала маңында орналасқан саяжай учаскесінің аумағынан өздігінен шығып кеткен. Осы факті бойынша 42 жастағы иесі ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне оларды күтіп-бағу және жаю ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Жануарларды бақылаусыз жаю жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жол-көлік оқиғаларына әкелуі мүмкін. Иелері жануарларды ұстау орнынан өздігінен шығып кетуін болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдауы тиіс.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар