«Айжұлдыз – оның туған қызы емес»: Жанар Айжанова екінші күйеуімен ажырасуының себебін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:39
- 39
Танымал әнші Жанар Айжанова жұбайы екінші күйеуімен 20 жылдан соң не себепті ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі “Momsкий әңгіме” подкасына берген сұхбатында айтып берді.
Айтуынша, бірінші күйеуі қайтыс болғаннан кейін қайта тұрмысқа шығып, тағы бір сәби сүюді армандаған.
«Негізі, ізін суытпай тұрмысқа шыққан жақсы екен. Айжұлдыздан кейін қыз болсын, ұл болсын, жалғыз болмаса екен деп көп үміттендім. Бірақ бұйырмаған нәрсеге өкпелей алмайсың», – деді әнші.
Жанар Айжанова екінші күйеуімен ортада бала болмаған соң ажырасқан.
«Екінші тұрмыста 20 жыл бірге өмір сүрдік. Айжұлдыз тұрмысқа шыққаннан кейін екі жаққа кетуді ұйғардық. Арамызда ортақ бала болмады. Айжұлдыз – оның туған қызы емес. Бала болмаса, қоғам көбіне әйелді кінәлайды. Сондықтан ешкімнің обалына қалмайын деп, бұл шешімді бір күнде қабылдадық. Қазір де оның балалы болғанын тілеймін», – деді ол.




